Тренч – алғаш рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған киім түрі. Бірақ ол әлі күнге дейін сәннен түспей, бүгінде керісінше сұранысқа ие болып отыр. Петропавлдағы түзету мекемесінде «Тренчи в тренде» байқауы өтті. Қол өнер шеберлігі сынға түскен сайыста бас бостандығынан айырылған 13 әйел бақ сынады. Жарыс барысында олар бірегей дизайнды тренчтерді қазылар назарына ұсынды.


Бұл байқауды өткізуге колония басшылары қолдау білдірген. Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы және СҚО бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері қатысушылардың өнерін бағалады. Жалпы бүгінгі іс-шара жазасын өтеушілерді дұрыс жолға бағыттау мақсатында ұйымдастырылған.


 ОКСАНА ВЫШАР, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД №50 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін біздің мекемеде тағы бір тәрбиелік мәні бар іс-шара өтіп жатыр. Тренч в тренде деп аталады. Біз мұндай байқауңды бірінші рет ұйымдастырып жатырмыз. Сотталғандар да сәннен қалмай, соңғы сән үлгісі жайында хабардар болуын қаладық.


 4 аталымнан тұратын байқау өте тартысты өтті. Сайысқа қатысқан жазасын өтеуші әйелдер соңғы үлгіге сай киімдерді тігуге барын салған. Солардың бірі, 38 жастағы Байкүміс Бекбаева. Оның айтуынша, өзі тігіп шыққан тренчінің басты ерекшелігі, капюшонды әрі сөмке ретінде қолдануға болады.


БАЙКҮМІС БЕКБАЕВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Бүгін мекемемізде тренчке байланысты мерекелік шара өтіп жатыр. Әкімшілік әрдайым осы шаралар үшін мүмкіндік туғызып келеді. Ол біз әйелдер болған соң, әйелдердің нәзік екенін сезінуі үшін ұйымдастырылды. Тәрбие жағынан да жақсы. Тренчтерді біз қолда бар нәрселдермен жасадық.


Трендтегі тренчтерді тігуде асқан шеберлік танытқан қыз-келіншектердің байқауы ой ұшқырлығы мен білім күшін сынайтын интелектуалды сайысқа ұласты. Жалпы қазіргі уақытта бұл мекемеде түрлі қылмысқа барған 250-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр.


Толғанай Бейсенбаева