Елімізде қызылша ауруы н жұқтырғандар саные күрт өскен. Облыс бойынша өткен жылы осы кезеңде қызылша жұқтырғандар тіркелмесе, биыл 28 жағдайы анықталды. Ауруханада жатқан 23 адам емделіп шыққан. Қазіргі таңда 4 адам станционарлық, 1 адам амбулаторлық ем алуда.


2023 жылдың басынан бері ҚР-да қызылшаның 11 057 жағдайы тіркелді, оның 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, ал 2,7%-ы жасөспірімдер, 13,8%-ы ересектер арасында тіркеліп отыр. Қызылшаның жоғары деңгейі Алматы қаласында сақталған. Шаһарда бұл кеселмен 2031 адам сырқаттанған, ал Шымкент қаласында қызылшаның 2026 жағдайы , Жамбыл облысында–1392 және Алматы облысында–1111 дерек тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, қызылшамен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр. Науқастардың дені қызылшаға қарсы екпе алмаған.


ӘСЕМ САЙЛАУБЕКОВА, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕРІ:

- «Кешеден бері біздің емханада екпе егу басталды. Вакцинацияға 6 айдан 10 айға дейінгі балалар және де 2 жастан 4 айға дейінгі балаларды әкеліп жатыр.Күніне вакцйинацияға 25-30 бала келіп жүр.Біздің емханаға 313 бала тіркелген, осы қараша айында олар толықтай вакцинация алатын болады. »


Қызылша кеселінің алдын алудың бірден-бір тиімді жолы - вакцинация екенін ескере отырып, қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулыға қол қойды, оған сәйкес осы жылғы 6 қарашадан бастап қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу басталды


 НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«СҚО 9 мың доза Қызылшаға қарсы вакцинамыз бар. Алдағы уақытта үнемделген 93млн теңгеге тағы 30 мың 650 вакцина сатып алып жатырмыз. Ол желтоқсан айында келеді. Бүгінгі таңда бізде 91 топ құрылған әр мекемеде екпеге қарсы және 1025 медициналық қызметкерлер оқытылған. Медициналық ұйымдар 100 пайызға дайын. Халық кешеден бастап келіп жатыр. Барлығы вакцина алып жатыр. Бірінші кезекте балалар, содан кейін медициналық ұйымның қызметкерлері жоспар бойынша солар екпе алу керек.»


 Жүргізіліп жатқан вакинацияны қолдап отырғандардың қатарында Петропавл тұрғыны Бағдат Жүсіпова да бар. Ол бүгін өзінің 6 айлық баласымен екпе алуға келіп отыр.


БАҒДАТ ЖҮСІПОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

-  «Менің ойымша қызылшадан тек екпе арқылы қорғануға болады. Сол себепті екпе аламыз деп шешім қабылдадық. Себебі мен оның дені сау азамат болып өскенін қалаймын.»


Айта кетейік, вакцинация тұрғындардың тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.