Ғ.Мүсірепов ауданында бюджет қаражатын жымқырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2020 жылдың шілде-қараша айлары аралығында мердігер ұйым өкілдерімен және техникалық қадағалау инженерімен ауданның автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына шарт жасасады.
Және бұл мақсатқа бюджеттен 427 млн теңге бөлінеді. Алайда, жолды жөндеу жұмыстары іс-жүзінде жүргізілмеген. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің, мамандардың және сарапшының айғақтарымен дәлелденген.Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысын 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар, енді Ғ.Мүсірепов ауданының бұрыңғы ТҮКШ басшысы өмір бойына мемлекетік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.