Көптен күткен жеңіс! «Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы кубогының чемпионы атанды. Кіл мықтылардан жиналған 8 команда қатысқан чемпионат қазанның 23-і мен 31-і аралығында Талдықорған қаласында өтті.

интершум


 Өңірдің бетке ұстар волейбол командасы бұл жеңіске өз тарихында алғаш рет жетіп отыр. Бәсі биік бәсеке Талдықорған қаласында өткен. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 8 команда қатысқан сайыста, солтүстіктің арулары оқ бойы оза шапты.


 СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Қуаныш» волейбол клубы сондай-ақ, 2022 жылғы Азия клубтарының чемпионы, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Жалпы, бұл біз үшін көптен күткен жеңіс болды. Облыстағы волейбол тарихындағы да алғашқы жеңіс. «Қуаныш» командасы бұл жүлдеге әбден лайық. Мұның бәрі команданың тынымсыз еңбегі мен қайсарлығының арқасы.


 Жерлестеріміз жартылай финалда Жетісу командасымен сынға түскен. Талдықорғандықтырды өз АЛАҢЫНДА жығып, финалға жолдама алған. Ал, шешуші кезеңде Алматылық арулармен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.


 САБИРА БЕКІШОВА, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

-  Біз осы жеңіске 14 жылдан бері дайындалдық. Бұл жүлде біз үшін ғана емес, облыс үшін де үлкен қуаныш. Ойын әрине, оңайға соқпағаны белгілі. Қарсылас команадалар кіл мықтылардан жиналған. Жартылай финалда «Жетісу» командасын жеңгеннен кейін, өз өзімізге әбден сенімді болдық.Сол қуанғанымызбен бойымызға күш-қайрат жинап финалға шықтық. Чемпион болғандағы әсердің орны бөлек. Ерекше, ұмытылмастай сезімде болдық.


Спортшылардың айтуынша өңірде волейбол спорты жылдан жылға дамып келеді. Бүгінде «Қуаныш» волейбол командасының құрамында 200-ден астам бала жаттығып жатыр. Айта кетейік, қараша айының соңында Петропавлда волейболдан Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтеді.