24-қыркүйекте елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл айтулы дата туралы айтқанда, көз алдымызға бірден өзінің сүйікті ісімен айналысатын жандар елестейді. Олар ұжымда әрқашан құрметке ие, жастарға үлгі боларлық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де сондай жанның бірі.


 Қызылжар ауданындағы "СК-Вагулинское"серіктестігінде орақ науқаны аяқталуға жақын. Алқаптарда жүрген техникалардың жұмысын тәжірибелі менеджер Василий Мурованый жіті бақылап отырады.


ВАСИЛИЙ МУРОВАНЫЙ, "СК-ВАГУЛИНСКОЕ" ЖШС БРИГАДАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Менің міндетім - бригададағы малшылар мен егіншілер, басқа да жұмысшылардың еңбек орнында болуын қадағалау, олар үшін бар жағдайды жасау. Кейде әр түрлі отбасылық жағдайлар болып тұрады, бәріне түсіністікпен қарауға тырысамыз. Тұрмысты ұйымдастыру жағынан да көмек көрсетілед. демалыстар ұйымдастыру да менің міндетім. Біз ең алдымен демалысты қай кезде ұйымдастыратынымызды жоспарлаймыз, содан кейін қызметкерлерді шипажайларға жібереміз.


Василий Васильевич шаруашылыққа бастапқыда бас ветеринар ретінде орналасқан. Кейін оған бригаданы басқару жүктелді. Сайып келгенде басқарушы бұл салаға 37 жылын арнаған екен. Маған күш-жігер беретін игі іс – адамдарға көмектесу дейді, тәжірибелі менеджер.


ВАСИЛИЙ МУРОВАНЫЙ, "СК-ВАГУЛИНСКОЕ" ЖШС БРИГАДАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Адамдармен араласқанды жаным сүйеді. Кез келген адам менен көмек сұрағанда, қолымнан келгенше қол ұшын созғым келеді. Оның өзі мен үшін үлкен қуаныш. Менің бригадамдағы 25 қызметкер егін өсіреді және 32 қызметкер мал өсірумен айналысады.


Өз ісін жетік білетін әділ басшы, ақкөңіл жан. Василий Васильевич туралы осындай жақсы пікірлер айтылды. Ол жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтын қасиетімен әріптестері арасында да лайықты құрметке ие.


ОЛЬГА КОЧНЕВА, "СК-ВАГУЛИНСКОЕ" ЖШС БАС БУХГАЛТЕРІ:

- Василий Васильевич кез-келген адамның жүрегіне жол таба білетін жан. Ол көбіне адамдармен тікелей жұмыс істейді. Әрине, бұл өте күрделі процесс. Себебі, әркімнің өзіндік қасиеті бар, әрқайсысысымен өзара тіл табыса білу керек. Басшы сол құндылығы арқылы бағаланып, сый-құрметке ие болады.


 Бүгінде Василий Васильевич жарымен бірге бес баланы тәрбиелеп отырған ардақты әке. Сонымен қатар балаларының бірі әкесімен бірге шаруашылықтың өркендеуі жолында аянбай еңбек сіңіруде.