Облыс орталығында газ-түтіннен-қорғау қызметінің үздік буыны атағы үшін жарыс өтті. Додаға өңірдің барлық аудандарынан өрт сөндіруші-құтқарушылар қатысты. Мамандар Петропавлдағы ең биік тұрғын үйдің бірінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.


 «Жас Өркен» шағын ауданындағы жаңа 18 қабатты тұрғын үй бүгінде өрт сөндірушілер үшін спорттық аренаға айналған. Облыстың әр ауданынан келген 18 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары тұрғын үйде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, кәсібилігін шыңдады. Арнайы киімді жылдам киіп, жоғары қабатқа тез көтерілген команда жеңіске жетеді.


ЕРБОЛ МОЛДАҒОЖИН, ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:


Өрт сөндірушінің арнайы киімінің салмағы шамамен 20 келі. Жарыс барысында, құтқарушыларға қойылған міндет те жеңіл емес. 360 баспалдақты еңсеріп, жаяу 18-ші қабатқа көтерілу керек. Биіктікті бағындыру үшін сала мамандарының физикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы тиіс.


БЕКБОЛАТ ИМАНБЕТОВ, № 1-ШІ МАМАНДАРНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:


«Вертикалды шақыру» - өрт сөндірушілердің биік ғимаратқа толық жабдықпен жылдам көтерілуі. Бұл қоғамның назарын құтқару шеберлігінің маңыздылығына аударуға арналған спорттық іс – шаралардың бірегей, жаңа форматы.