Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітпаханасында қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевқа арналған «Абай – ұлтымыздың мақтанышы» атты әдеби музыкалық кеші өтті. Іс-шараға кітапхана оқырмандары,ақын,жазушылар қатысты.


 Қазақ халқының Ұлы ақыны.ағартушы,данышан Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 178 жыл. Ол артына ғасырлар бойы маңызын жоймайтын тағылымы мол мұра қалдырып кетті. Абай шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту, насихаттау – берісі исі қазақ баласына, арысы түрік тектес халықтар үшін борыш. Ақын 178 өлеңнің, 3 поэма, 45 қара сөздің, 60-қа жуық аударма және 16 музыкалық шығарманың авторы.


ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖУРНАЛИСТ, ЖАЗУШЫ:


Кеш барысында ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,«Құлақтан кіріп бойды алар», «Көзімнің қарасы» атты әндері шырқалды.Бұдан бөлек іс-шараға қатысушы қонақтар Абайға қатысты бірқатар баяндамаларын жиналған жұртшылық назарына ұсынды.Олардың қатарында 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бақыт Сәдуақасовта бар.Ол «Абай - ұлт ақыны» тақырыбында дайындалған баяндамасымен бөлісті.


БАҚЫТ СӘДУАҚАСОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:


Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті,теңдесі жоқ,алтын қазынасы.Жылдан жылға Абайдың ұлылығы мен қырлары терең ашыла түсуде.Айта кетейік,Ұлт ақыны Абай күніне арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.