Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасында күрделі жөндеу басталды. Қазір ғимараттың екінші, үшінші және төртінші қабаттарында демонтаж жүргізіліп жатыр. Оған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында республикалық бюджеттен 500 млн-нан астам теңге бөлінді.


 Бұл - Тайыншадағы көп бейінді ауданаралық аурухана. Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары денсаулық сақтау мекемесінің терапевтік және перзентхана, гинекология мен балалар бөлімшелерінде жүріп жатыр. Істі екі мердігер компания қолға алған.


ЖАНАТ БИСҰЛТАНОВ, «ПЕТРОBUILDING» ЖШС ӨКІЛІ:

- 3-4 қабатта демонтаж жұмыстары жүріп жатыр. Оған 18 адам жұмылдырылған. Ал осы қабаттағы қалпына келтіру жұмыстары 70%-ға аяқталды. Бірнеше күнде қабырғаларды сылап, плиткаларды қоямыз. Жалпы күрделі жөндеу 3 айға жоспарланған.


Ал «КазЕвроСтрой» серіктестігі перзентхана бөлімін қайта қалпына келтіріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын 10 адам атқарады. Мердігер компания 2 ай ішінде нысанды толық қалпына келтіруі тиіс. Мекемедегі жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындар уақытша қызметті балалар ауруханасында ала алады.


МАҚСАТ ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, ТАЙЫНША КӨП БЕЙІНДІ АУДАНАРАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

-  Ремонттың кезінде енді сол төрт бөлімшенің науқастарын балалар ауруханасы болған. Соны үлкен аурухананың ішінен балаларға жеке орын дайындап, балаларды сонда қабылдап жатырмыз. Ал сол балалар ауруханасын алмастырып сол жерде науқастарымыз емін алып жатыр. Ем түгел керекті көлемде жүріп жатыр. Науқастар жағынан шағымдар ұсыныстар жоқ. 


Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы 120 төсек орынға арналған. 10-нан астам бөлімше жұмыс істейді. Күніне 400 адамды қабылдайды. Бүгінде ауруханада барлығы 600-ден астам маман қызмет етеді.