Биыл 6-8-ші маусым аралығында Айыртау ауданында жас өлкетанушылар слеті өтті. Іс-шараның басты мақсаты - жалпы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру. Өңірде алғаш рет өткізілген облыстық слетте белсенді, креативті және шығармашылық балалардан топтасқан 8-10 сынып оқушыларының 14 командасы қатысты.
Үш күн бойы жас өлкетанушылар облыстың тарихы, географиясы, табиғаты мен мәдениеті туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сондай-ақ туған өлкенің көрікті жерлері, тарихи және мәдени ерекшеліктері туралы өз білімдерін көрсетті.
НҰРЖАН НҰРАХМЕТОВ, МҰҒАЛІМ:
- «Бүгінгі күнгі іс-шара тарихқа тағзым, болашаққа бағдар атты солтүстік слеті өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Балаларымыздың алатын тәрбиесі осыған байланысты деп есептеймін. Себебі алдағы уақытта патриоттық сезімдерін оятып, осындай іс-шараларға қатысуға , жүруге өты ыңғайлы іс-шара деп ойлаймын.»
Біздің өңір өзінің бай табиғатымен, атақты ата-бабаларымен және киелі жерлерімен танымал. Сол себепті оқушылар үшін Никольское ауылына экскурсия ұйымдастырылды. Балалар 5,5 мың жыл бұрын әлемде алғаш рет жылқы малы қолға үйретілген "Ботай" қонысын көре алды. Сондай-ақ, балалар Сырымбет ауылындағы тарихи ескерткіш "Айғаным" қонысына барды.
- « Осы слетқа қатысқаныма қатты қуаныштымын. Бұл жерде көптеген нәтижелер алдым.
- «Мен бұл слеттен өте жақсы әсер алып қайттым. Бұл жердің табиғаты өте әдемі екен.
Слеттің салтанатты жабылуында үздік нәтиже көрсеткен жас өлкетанушылар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.