Өткен ғасырда болған сталиндік репрессия қазақ халқын да айналып өтпеді. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шаһар жұрты Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Тақырыпты әрі қарай әріптесім Ұлан Ыдырыс сабақтасын.


ҰЛАН ЫДЫРЫС, ТІЛШІ:

- «Ағылшын және Жапон тыншысы, бір ауыз сөзбен айтқанда кеңес халқының жауы. Өткен ғасырдың басында қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға осындай айып тағылды. Бұндай солшыл саясаттың кесірінен 8-мыңға жуық жерлесіміз, итЖеккенге айдалды, атылды. Ал бұдан аман қалғандары темір тордың арғы жағына тоғытылды.»


 Мұндай азапты басынан кешірген жерлестеріміздің қатарында ақиық ақын Мағжан Жұмабаев та бар. Ол егеменді ел болу жолында алаш ұранымен Қазақ даласына үн қатқан тұлғалардың бірі. Алаш үкіметінің көрнекі қайраткері , ұлт мақтанышы Мағжанның патриоттық рухқа толы өлеңдеріне тәуелсіздік алғанға дейін тыйым салынды. Бүгін ақиық ақынның ескерткішіне жиналған жұрт оның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.


 ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Ол кісі біздің есімізде мәңгі сақталады.Ол кісінің жүріп өткен жолы мына кейінгі келген жастарға, біздерге, егеменді еліміздің туын биік ұстауға рух беріп, осы жолда таймай жүруге біз үшін күш қуат береді десем артық айтқандық болмайды.»


 Бүгінгі ІС-шараға Мағжан Жұмабаевтың ұрпағы Ержан Сейілханұлы да қатысты


ЕРЖАН СЕЙІЛХАНҰЛЫ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҰРПАҒЫ:

-  «Мағжанның үлкен ағасы Әбәмүслімнен туған қыздың ұлымын. Жасым болса 70-тен асып кеті. Бұл кісінің өмірі қиыншылықпен өтті. Алпарыс өмірде, аумалы-төкпелі өмірде қай жаққа шығарын білмей дал болды. Әр бес жыл сайын іс-шаралар мына туған күнін еске алып өткізіп жатырмыз. Бұл енді халықтың Мағжанды сүйгені деп есептеймін


Айта кетейік , Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өңірде бірқатар іс-шара жоспарланған.