Халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аудару. Осы бағдарлама аясында облысқа- көшіп келушілердің саны жылдан жылға артып келеді. Арнамыздың түсіру тобы Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында болып осы жаққа 2022-ші жылы көшіп келген жас мамандармен тілдесіп қайтты.


 Нұрсәуле Сәлімбетова - Явленка аудандық ауруханасының дәрігер-педиатры. Маман емдеу мекемесінде өткен жылдың қыркүйек айынан бері еңбек етіп келеді. Келіншек отбасымен бірге Алматы облысынан Есіл ауданына мемлекеттік бағдарлама аясында көшіп келген. Үйелменнің сөзінше алғашында СҚ-ға қоныс аударуға жүрексінген. Дегенмен бұл жаққа келген кезде оларға жан-жақтан көмек көрсетіліп, бірден сіңісіп кеткен.


НҰРСӘУЛЕ СӘЛІМБЕТОВА, ЯВЛЕНКА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ПЕДИАТРЫ:

-  Мен өте қорықтым. Картадан қарап. Жақын адам жоқ. Туған-туысқан жоқ. Петропавл қаласында да болдық. Былай қиындық туған жоқ. Балалар да бірден мектепке, балабақшаға қабылданды. Шамамен 1 ай көлемінде көтерме үстемақымыз түсті. Ол да үлкен көмек болды.


Солтүстікке көшіп келген соң отбасына үй беріліп, 2,5 млн теңге көлемінде көтермеақы төленді. Бұдан бөлек, Нұрсәуле емханада, ал жолдасы спорт саласында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында еңбек етеді. 3 баласы мектеп пен балабақшаға орналастырылған.


НҰРСӘУЛЕ СӘЛІМБЕТОВА, ЯВЛЕНКА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ПЕДИАТРЫ:

-  Барлық жерде оңай жұмыс жоқ. Еңбек етсең әкімшіілк те біледі. Жүгіріп барымызды салып жұмыс жасаймыз. Керісінше жас маман келе жатыр деп қолдау көрсетіп, көмектерін аяп жатқан жоқ.  Жалпы, халық саны бұл жақта аздау, өзіміздің ұлтымыз да аздау. Солс ебпті осы мемлекттік бағдарлама өте жақсы. Қазақ тілді деңгейін көтеру бізге ұнайды. Бір минусы туған туыстың барлығы оңтүстікте.


Айта кеткен жөн аудандық ауруханада Нұрсәуле сияқты тағы 3 маман еңбек етеді. Олар да Есіл ауданына көші-қон бағдарламасы бойынша қоныс аударған.