«АМАНАТ» партиясының облыстық филилалы жанынан құрылған бақылау комиссиясы Петропавл қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп интернат-колледжіне арналған 244 орындық жатақхана құрылысын бақылауды қолға алды.


 Партия мүшелерінің айтуынша, нысан былтыр желтоқсан айынде берілуі тиіс еді. жұмысшы тапшылығынан құрылыс жұмыстары уақытынан кешігіп жатыр екен. Қазіргі уақытта нысанда тек 18 адам жұмыс істеп жатыр. Ал негізгі талаптарға сай құрылыс басында 44 жұмысшы болуы керек. Бұл жайында партия мүшелері мердігер ұйым өкілдеріне бірнеше рет ескерткен. Сонымен қатар, бақылау комиссиясы нысанға алғаш рет барған кезде құрылыс материалдарының уақытылы жеткізілмеу мәселесін де байқаған. Жоспар бойынша енді жатақхана биылғы жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілуі керек.