Өзіңізді және жақындарыңызды интернет арқылы жасалатын алаяқтықтан қорғаңыз - облыс полицейлері осындай үндеумен жергілікті тұрғындарға жүгінуде. Жыл басынан өңірде қылмыстың осы түрі бойынша 150 дерек тіркелген. Тәртіп сақшылары қылмыстың осы түрінің алдын алуды қалай жүргізетінін облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалынан біле аласыздар.


 Петропавл қ. полиция басқармасының екінші полиция бөлімінің қызметкерлері локомотив депосының қызметкерлерімен кездесті. Олар негізгі алаяқтық схемалар — "банктен қоңырау шалу" деп аталатын, интернет арқылы тауарларды сату кезінде алдын-ала төлеу талаптары туралы айтты. Депо қызметкерлері интернет-алаяқтардың айла-амалдарына жиі тап болады. Олардың арасында жәбірленушілер де бар, бірақ алдауды танып, жақындарына ескерту жасай алғандар да жеткілікті.


Игорь Полукеев, машинист:

- Жақында ғана менің анама Астана қаласынан бірнеше рет қоңырау шалды, өзінің тегін айтып, полиция майоры деп таныстырған, несиені рәсімдеген әйел сіздің деректеріңізді көрсетті, енді сізге код келеді, егер сіз хабарламасаңыз, міне, біз сіздің деректеріңізді беруіміз керек. сіздің куәлігіңіз де қажет деді.


 Жеке деректер sms арқылы келетін бір реттік кодпен бірге қылмыскерлерге жәбірленушілердің шоттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Құпия сөздер мен кіру кодтары, банк карталарының артқы жағындағы cvv кодтарын ешкімге айтуға болмайды. Басқа маңызды ескерер жайт -егер сіз сатушының адалдығына сенімді болмасаңыз, алдын-ала төлем жасауға келіспеу қажет. Полицейлер мысал ретінде Сергеев қаласында машиналарды сату туралы хабарландыруларды келтірді. Қылмыскерлер осы аудан орталығында мекен-жайларды жиі көрсетеді. Әдетте, онда мүлдем көлігі жоқ адамдар тұрады. Алаяқтар ұялы байланыстың әлсіздігіне сілтеме жасайды, сондықтан олар бейне қоңырау режимінде "сатылатын машинаны" көрсете алмайды. Алдын ала төлем алғаннан кейін олар телефонды сөндіріп тастайды.


 Данияр Ғалиақпаров, Петропавл қ. ПБ екінші бөлімі бастығының орынбасары:

- Петропавл станциясының теміржол станциясының қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс өткіздік. Осы профилактикалық жұмыстың барысында жұмысшыларға қандай алаяқтар болады, олардың қалай алдайтынын бәрін түсіндіріп, сондай жұмыс өткіздік. Және де оларға өздері де ғана емес, олар өз туысқандарын да, оларға да айтып түсіндіретін болсын деп, сондай түсініктемелік жұмыс жүргіздік.


 Петропавл полицейлері желілік алаяқтардың қулықтары туралы мүмкіндігінше көп адамға айту үшін әр түрлі еңбек ұжымдарымен үнемі кездесіп тұрады. Жыл басынан бері Петропавлда барлығы 150-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелген.