Биыл наурыздың 25-і сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтеді. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшіреді. Бұл шараның басты мақсаты – ғаламдық климаттың өзгеру проблемасына назар аударту.


Экологиялық акция дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлем бойынша өткізіліп келеді. Игі дәстүрге жылда 180-нен аса мемлекет пен 7 мыңға жуық қала қатысады. Аталмыш іс-шараға Қазақстанда 14-ші жыл қатарынан белсенді қатысуда. Өңірден экологиялық іс шараны 2-ЖЭО, «Севказэнерго» АҚ, «Изолит», «Радуга» ,«Қызылжар су» сынды ірі кәсіпорындар қолдамақ.