Биыл қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл. Осы ретте Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Даланың данасы» атты әдеби кешпен «Ұлтымыздың данагөй абызы» атты кітап көрмесі өтті.


 Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Өз қабілеттерінің арқасында Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында «бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз қалған тарихи тұлға. «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған. Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында «Есім ханның ескі жолы» атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер.


ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ:

-  Төле бидің есімі қазақ хзалқына жақсы тагнымал... бұл кісі .. үлкен үлес қосқан... есімханның ескі жолы, жеті жарғы соларды жазуға қатысқан адам. эасынан тапқыр, әділ шешен адам болған. оның айтқан биліктеріне жұрттың бәрі құлақ асқан. Бағынған, бағығаннан кейін тәртіпті, мәдениетті ел болған.



Майгүл Сейілбек