Былтыр өңірде мамандар 1505 км республикалық автожол желісіне диагностика жүргізді. Оның 152 км бойынша кепілдік мерзімі аяқталмаған. Жұмысты жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының обылстық филиалы жүргізді. Жол параметрлері туралы деректерді жинауды жылжымалы жол зертханасы жүзеге асырды.


 Диагностиканың барлық параметрлері GPS координаттар жүйесіне байланған. Қалыптастырылатын есептердің негізінде учаскелер мен жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша ұсынымдар жасалады. Есептер "ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне"жіберіледі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жолдарды жөндеу жоспарын қалыптастырады.Мәселен биыл Диагностиканың нәтижесі бойынша жазда жалпы ұзындығы 150 км жуық жол учаскелері орта және күрделі жөндеуден өтпек