Петропавлдағы Облыстық дарынды балаларға арналған білім-инновация лицей оқушылары арасында «Өркенеиет пен ізгілік бастауы - білім» атты ғылыми көрме өтті. Атаулы шара мектеп бағдарламасында алынған білімді іс жүзінде көрсету үшін ұйымдастырылған. Онда барлығы 44 жоба ұсынылды.


Практикалық білімді теориялық тұрғыда дамыту. Бұл бүгінгі ғылыми жобалар көрмесінде алға қойылған бірден-бір мақсат. Көрмеге жиналған оқушылар саны 75 ке жуық. Мұнда түрлі техникалық пәндерден, дене-шынықтыру, тарих, ағылшын, қазақ, түрік тілдеріне дейін қамтылған. Мекеме дирокторы – Ерлан Қоңырбаевтың айтуынша, осындай жиындар балалардың біліктілігі мен теориялық білімді тезірек қабылдауына көмектеседі.


 ЕРЛАН ҚОҢЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Мектебіміздің 75 шақты оқушысы, 7-11 сынып оқушылары арасында барлық пәндерден өз білімін көрсетіп жатыр. Яғни мектептегі берілген білімнің практикада қолданылуы. Тәжірбие жасап, көзге көрінерліктей жасалуын көрсетіп жатыр. 


«Ойымызды қалай жаттықтыруға болады?» Бұл ның жобасында өз жауабын тапқан сұрақ. Оның айтуынша жобада ұсынылған әдістер арқылы тек ой өрісін дамытып қоймай, түрлі тілдерді тезірек меңгеруге болады.


 АСЫЛЖАН ШАҚАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Сол үшін біз балаларға әртүрлі ойындар дайындадық. Мәселен, мақал-мәтелдерді сәйкестендіру. Егер балалар осындай ойындар ойнаса олар өздерінің ойын жаттықтырады. Және орыс тілін үйрену оңай және қызықты болады.


 Ғылыми жобалар көрмесі мекемеде алғаш өткізіліп жатқан жоқ. Бұл шара оқушылар арасында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады.