Бүгін Дүниежүзілік телевизия күні. Ақпарат айдынында жылдам хабар алуға және оны көзіқарақты көрерменге ұсынуда телеарнаның алар орны бөлек. Дегенмен цифрлы жүйеге сәт сайын жаңашылдықтар енгізіліп, медиа кеңістігі ауқымы кеңейе түскен. Өңір тұрғындарын күнделікті ақпаратпен қамтасыз етіп отырған «Қызылжар» телеарнасы туралы келесі бейнематериалымызда.


21 – қараша дүниежүзілік телевизия күні. 1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының ұсынысымен 21 – қараша телеарна күні болып бекітілген. Бұл күн телеарналық бағдарламаларды жариялау, әр-түрлі қауіп-қатердің алдын алу және мәдени бағытты дамыту мақсатында қолға алынған. Елімізде алғашқы отандың телевизия 1958 жылдың наурыз айында іске қосылды. Ал СҚО бойынша алғашқылардың бірі болып «Қызылжар» телеарнасы өз жұмысын 1960 жылдан бастаған.


ИРИНА КУПИНА, «ҚЫЗЫЛЖАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕЖИССЕРІ:

- Мен 30 жылдан астам телевизия саласында еңбек етудемін. Осы саламен өмірімді алғаш 17 жасымда сабақтастырған едім. Алғаш жылдары көгілдір экрандағы жаңалықтар, бағдарламалар - ақ-қара түсті болып берілетін. Ал, бүгінде қ телевизия цифрлық жүйеге көшкен, заманауи. Және бұл жаңғырудың шарықтау шегі емес, әлі талай дүние өзгереді. Ал бүгінгі мерекеге орай барша әріптестерімді құттықтаймын.


Журналист, оператор, редактор, режиссер, монтажер. Көгілдір экраннан көретін сюжет пен хабар осы мамандардың ұжымдық еңбегі.


АЛДИЯР ЖЫЛҚАЙДАРОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ:


 62 жылға жуық - Қызылжарлықтар туған өлке жаңалықтарын біздің арнадан көріп келеді. Бүгінде өңірдегі жетекші телеарна тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Осылайша облыс жаңалықтары теледидар арқылы өңірдегі әр ауылға қолжетімді. Түрлі тақырыпты қамтитын бағдарламаларды көзіқарақты көрермен үзбей көретін болған.