СҚО -да абаттандыру қағидаларын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды
Петропавл орталығындағы темір гараждарды бұзу мәселесі бойынша полиция қоғам белсендімен бірге рейд жүргізді. «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшылығы қоғам белсендісі Мәлік Шигабутдиновпен бірге Брусиловский және Амангелді көшелерінің қиылысындағы су мұнарасы маңында рейд өткізді.
Рейд барысында полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды. Сондай-ақ белсендімен гараждарды орналастыруға қатысты мәселелерді талқылады. Бұған дейін бұл нысандарға басқа жерге көшіру қажеттігі туралы бірнеше рет хабарлама ілінген. Алайда кейбір гараждар әлі күнге дейін орнында тұр.
СНХР: Мәлік Шигабутдинов – қоғам белсендісі:
Гараждарды орналастыру мен бұзу заңдылығына қатысты мәселелер жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Полиция өз өкілеттігі шегінде профилактикалық жұмыстарға қатысып, тұрғындармен өзара іс-қимыл жасайды, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
СНХР: Қанат Жұмабаев – Петропавл қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды. Оның 5 мыңға жуығы Петропавл қаласында тіркелген. «Таза Қазақстан» бастамасы тазалық пен ортақ аумақтарға жауапкершілікпен қарауды көздейді. Қағидаларды сақтау және айналадағы адамдарды құрметтеу – «Заң мен тәртіп» қағидатының бір бөлігі. Қаладағы тазалық пен тәртіп әр адамның жауапкершілігіне байланысты.