Негізгі Жаңалықтар Ұлы маэстроның есімін ұлықтаған байқау

Ұлы маэстроның есімін ұлықтаған байқау

Өнерге алғашқы қадам, үлкен сахнаға бастар жол. Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінде ұлы маэстроның мерейтойына орай облыстық вокалдық байқау ұйымдастырылды. Биыл бесінші рет өтіп отырған өнер додасы жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдап, ән өнеріне деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді.

Қатысушылар үш бағыт бойынша бақ сынады. Олар – академиялық ән айту, эстрадалық вокал және дәстүрлі ән өнері. Әр бағыттың өзіндік ерекшелігі бар. Бірі классикалық шығармаларды орындаудағы шеберлігін танытса, енді бірі эстрадалық ән арқылы тыңдарманын баурады. Ал дәстүрлі ән орындаушылары ұлттық өнердің қадір-қасиетін дәріптеді.

СНХР: ЕРКЕБҰЛАН ҚАРЫП, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ

Өнер бәйгесіне облыстың аудандары мен Петропавл қаласынан келген үміткерлер, сондай-ақ колледж жанындағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері қатысты. Сахнаға шыққан әрбір қатысушы өз өнерін ортаға салып, орындаушылық қабілеті мен вокалдық шеберлігін көрсетті.

Байқауға Смирнов ауылынан да жас өнерпаздар келді. Солардың бірі – Жанайым Жантлесова. Ол сахна төрінде ән шырқап, өзінің орындаушылық қабілетін көрсетті. Жас қатысушының өнері көрермен көңілінен шықты.

СНХР: ЖАНАЙЫМ ЖАНТЛЕСОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Әсем ән мен әуезді үн тоғысқан байқау жас таланттарға шабыт сыйлады. Ал ұлы маэстроның есімімен аталатын бұл өнер додасы қазақ вокал өнерінің сабақтастығын сақтап, жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік берері сөзсіз.


Бөлісу