Соңғы 2 күнде облыс орталығында қалың қар жауды. Шамамен 7 мм дейді мамандар. Осы ретте коммуналдық қызмет Петропавл көшелерінің 130 шақырымын қардан механикаландырылған тазалау жұмыстарына кірісті.


Мамандардың сөзінше жылдың аяғына дейін бұл міндет шарт бойынша «Благоустройство Север» ЖШС-не жүктелмек. Қардан тазалау жұмыстарына 200-ге тарта арнайы техника жұмылдырылмақ. Бүгінгі таңда Петропавл 9 учаскеге бөлінген. Соңғы 2 тәулікте жауған қарды тазалауға 50 техника мен 100-ге жуық маман жұмылдырылды. Қар тазалау жұмыстары кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі.


ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Осы ретте тұрғындардан өтініп сұрайтынымыз түңгі уақытта көліктерді көшеде қалдырмауға. Себебі қар шығару қар тазалау жұмыстарына үлкен кедергі келтіреді. +2,20 СКЛ Таңғы 5-тен 7-ге дейін бізде қала бойынша құм-тұз қоспасын себу бойынша жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылы бізде қала бойынша 2 мың куб метр құм-тұз қоспасы дайындалды.



Майгүл Сейілбек