1917-ші жылдың 13-ші желтоқсанында Алаш автономиясының үкіметі Алаш Орда құрылды. Құрамына еліміздің Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы сынды зиялы қауым өкілдері кірді. Басты мақсат – қазақ-қырғыз автономиясын жариялап, милиция құру, елді сақтап, халықты большивиктердің езгісінен босату. Еркіндікпен, тәулсіздікке ұмтылған қазақтардың ішінде солтүстікқазақстандықтар да баршылық. Алаш Ордаға көмек көрсетіп, армияны керек-жарағымен жасақтау мақсатында 1918-ші жылы Жамбыл ауданы, Петровка ауылының маңында орналасқан Әлти қажының қонысында үлкен жиын өтті. Әріптесім Майгүл Сейілбек толықтырсын.
Бұл еліміздің іргетасын бүтіндеп, шекарасын шегелеп берген Алаштың ардақты ұлдарының бірі ақын-жазушы Міржақып Дулатовтың сөзі. Мұрағат құжаттарында қоғам қайраткері оны 1918-ші жылы Әлти бидің Аққұсақ қонысында өткен жиында айтты делінген. Қазіргі Жамбыл ауданы, Петровка ауылының маңында болған жиналысқа Қызылжар және Көкшетау уездерінің 22 болыс өкілі қатысқан.
САБЫР ҚАСЫМОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
- Алаштың көсемдері келеді дегесін осы Солтүстік өңірден, Қызылжар, Ақмола, Омбы, Қорған, Атбасардан келген осы жерде жиналып Сәбит Мұқанов жазғандай 10 мыңнан астам кейбір деректерге сай одан да көп халық жиналған. Бұл жер қасиетті жер, тарихи жер.Қазақстанның тарихында сол кезде өткен ғасырда осыншама халық жиналып, өзінің халықытң ерігін, волясын көрсетіп Алаштың бағдарламасын қолдап, тәуелсіздікке күресіп, жалпы қазақтың басын қосып, өркениетті түрде халықақарылқ стандартпен жаңа мемлекет құрам деген.
Бұдан бөлек жиынға Алыш арыстары Жұмағали Тілеуұлы, Ережеп Итбайұлы, Салмақбай Күсемісұлы, Ерқосай Мұқышұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы қатысқан. Олар Қазақсатнның егемендігіне өркениетті жолмен апаруға бағытталған «Алаш» партиясының мұраты мен бағдарламасын қолдаған.
САБЫР ҚАСЫМОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ,ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ :
- Алаш орданың бағдарламасы, жоспарлары асса біздің мемлекет демократиялық мынау Еуропа дейміз, басқа дамыған елдер Япония, Түркия сынды дамыған ел болар едік. Біздің мемлекет құрылысымыз, қоғам басқа жолмен жүрер едік. Өкінішке орай больщивиктер Алаш көсемдерін қудалады, өлтірді, құртты. Алаштың идеяларын құртты. Алаштың мұрасын бізге таныстырмады.
1917 жылдың желтоқсан айында Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Ол жерде Алаш автономиясының қарулы әскерін жасақтау туралы шешім қабылданады. Алаш әскерін жасақтау, оны қару-жарақпен, киім-кешекпен жабдықтау мәселесіне әр өңірдің беделді әрі дәулетті байлары да белсене араласады.Солардың қатарында Қазақ хандығының 18-ші ханы Абылайдың тұсында өмір сүрген, қолбасшының әскерін қару-жарақпен, табын жылқымен қамтамасыз етіп, көптеген мәселелердің шешілуіне зор үлес қосқан Барлыбай Шәукерұлы немересі Әлти қажы да бар.
АЙМАҒАМБЕТ БАРЛЫБАЕВ , ӘЛТИ БИДІҢ ҰРПАҒЫ:
- Бұл жер қасиетті жер. Өйткені бұдан 104 жыл бұрын дәл осы арада, осы жерде Алаш Орда басшыларының бастауымен Міржақып Дулатұлы баяндаған 30 минуттық баяндамада Алаш ел құрамыз, егеменді ел боламыз деп ұрандаған жерде отырмыз. Бұл шара кейінгі ұрпаққа өте үлкен өнеге, біз тарихты білуімізк керек. Сондықтан бұл жер киелі жер. Сокралды жер.
Бұл күні меймандарға Әлти қажының және өзге де Алаш Ордашылардың суреттермі мен қолданған заттары жинастырылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Мұнымен қоса бүгінгі күні осы Аққұсақ қонысын киелі жерлердің картасына енгізу туралы мәселе де қарастырылып жатыр.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Картасына бере отыра бұл республикалық комиссия бар. Соны комиссияға дәлелдей отыра, Аққұсақ қонысында болған тарихи жиын болған жер жалпы ұлттық ережелер картасына енді.Енді осы жұмыстың жалғасы ретінде халықаралық конференцияның материалдарын біз шығарып басылымдарға, кітпатың тұсаукесерін өткіздік.
Алаш Орданың құрылғанына 105 жыл толуына орай Петровка ауылының жанында киіз үйлер тігіліп, қазақ күресі мен көкпардан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Майгүл Сейілбек