Петропавлда жасырын түрде алкогольдік өнім шығарып келген цех анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады. 

 Берілген мәліметке қарағанда , жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасырын цех  қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағында анықталған.  Онда облыстың сауда орындары арқылы сату үшін антисанитариялық жағдайда суррогат спирт дайындалып келген. Тексеру барысында  пластикалық ыдыстарға құйылған 16 мың литр спирт және құрамында спирт бар сұйықтық алЫНды. Сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар табылған.  Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.