Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қыркүйектің 18-і Лос-Анджелесте өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапты.

12 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті. Бұл «Канелоға» екінші орта салмақта IBF WBO WBA Super және WBO нұсқалары бойынша абсолютті чемпион атағын қорғауға мүмкіндік берді. Айта кету керек бұл спортшылардың шаршы алаңда үшінші рет кездесуі. Біріншісі тең аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті. Соңғы кездесу де мексикалықтың пайдасына шешілді. Жекпе-жектең соң ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге қоңырау шалды. Өз сөзінде мемлекет басшысы Головкинді халықаралық аренада өз елінің танымал болуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Жалпы, жарыс күні Қазақстандық спортшыға ел аумағында дүйім жұрт қолдау көрсетіп, жылы сөздерін білдіріп әлеуметтік желіде бейнежазбалар қалдырды.

 Солардың қатарында СҚО, Шал ақын ауданы Еңбек ауылының тұрғындары да бар. Олар таң сәріден таза ауада қой қырқып, теледидардан спортшының жекпе-жегін тамашалап, былғары қолғап шеберіне қолдау көрсетуде.