Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универсиетінде белгілі тарихшы , Еуразия халықтарының популияциялық генетикасы жөніндегі сарапшы Жақсылық Сәбитовтың «Қазақстанның генетикалық тарихы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Іс шараға студенттер мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.
Жақсылық Мұратұлы тарих саласындағы көптеген ғылыми марапаттарды иемденген белгілі тарихшы. Атап айтқанда Web of Science және Scopus ғылымиметриялық деректер базасы бойынша қазақстандық тарихшылардың үздік үштігіне кіреді. Сонымен қатар «Web of Science Award» халықаралық марапатының лауреаты. Петропавл қаласына келудегі мақсаты жергілікті ұстаздармен білгенімен бөлісіп, жаңа тарихи жаңалықтармен таныстыру .
ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВ, ЕУРАЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПОПУЛИЯЦИЯЛЫҚ ГЕНТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ, ТАРИХШЫ:
- Ғылыми іс шараның басты мақсаты қарапайым генетика арқылы көкейімізде жүрген қаншама маңызды сауалдарға жауап алу болып табылады. Соңғы уақытта қазақтардың және түркі халықтарының және ежелгі Ботай мәдениеті этногенезін популияциялық генетика әдісімен зерттеу кеңінен таралған. Бұл арқылы әр адам өзінің ата тегін толық анықтай алады. Сондықтан, аталмыш әдіске қызығушылық көп.
Ашық сабақ барысында еліміздің генетикалық тарихынан бөлек ежелгі Алтын Орда кезеңіндегі зерттеулер жайлы да сөз қозғалды. Айта кетейік осындай ғылыми іс шаралар университет қабырғасында жиі өткізіліп тұрады.
ЗӘУРЕ КАРТОВА , «KOZYBAEV UNIVERSITY» ТАРИХ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:
- Студенттер мен ұстаздар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойды. Сонымен қатар Жақсылық Сәбитов тарих пәнінің мұғалімдеріне «Қазақстанның академиялық тарихын жеткізу» тақырыбында шеберлік сағатын өткізуді жоспарлап отыр.