Ата Заң күні - мемлекеттік мереке. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Әрбір адам құқылы..» атты құқықтық сауаттылық сағаты өтті. Жиынға жастар қоғамдастығының мүшесі, Нұр Отан партиясының өңірлік филиал өкілі, қорғаушылар алқасы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік ұстазы және басқа да әлеуметтік маңызы бар маман иелері қатысты.

1995 жылдың 30-тамызы  Қазақстан халқының тарихи және тағдырлы шешіміне қадам басқан жыл. Ата Заңымыз - еліміздің Конституциясы қабылданды. Конституция қағидаттарына сай әр адам өзін тең сезініп, елдегі татулық пен тұрақтылығы орнады. 23 жыл аясында адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін білу қазіргі заман талабы болып есептеледі.

СӘНИЯ АМАНОВА, КІТАПХАНАШЫ:

- Бүгінгі заңгерлік сауаттылық сағатымыз Қазақстан Конституциясы күніне арналған. Конституция бұл- елдің негізгі заңы. Бұл заңгерлік сағатының мақсаты – әр азамат өз мемлекетінің құрылымын, заңдары мен рәміздерін, өзінің құқықтары мен міндеттерін білу керек. Біздің шараға заңгерлер, біздің оқырмандардың сұрақтарына жауап береді.

Шара аясында адам құқығы, бала құқығы, ҚР азаматының құқығы мен міндеті ұғымдарына қатысты тағы басқа сұрақтар тыңдалды. Ал, заң өкілдері болса, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешудің қыр-сырлары үйретті.  

ЛӘЗЗАТ БРИМОВА, КІТАПХАНАШЫ:

- 1995 жылдың 30 тамызында біздің мемлекетімізде жаңа тарихи оқиға  орын алды. Ол біздің Ата заңымыз. Бүгінгі таңда әр адам өзінің құқығын танып-білуі қажет. Сондықтан шараға жастар қоғамдастығының мүшесі, Нұр Отан партиясының өкілі, қорғаушылар алқасы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік ұстаздары  қатысты. Көріп тұрғандарыңыздай  тыңдаушылар аудиториясы да әр алуан, сондықтан бүгін, біраз мәселенің шешімін табуға септігін тигіземіз деген сенімдеміз. 

Биыл Казақстан Республикасының Конституциясына - 23 жыл. Осы жылдар ішінде Казақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыра алды. Ал, оның негізі – адам, адам өмірі және құқтары мен бостандығы.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, құқық