Негізгі Жаңалықтар Студенттік өмірге алғашқы қадам

Студенттік өмірге алғашқы қадам

Студенттік өмірге жасалған алғашқы қадам - қызықты байқаулардан, жарқын әсерлер мен жаңа таныстықтардан басталады. Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара барысында жастар өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдықтарын танытты. Сюжеттен көрейік.

Бүгінде Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде 400-ге жуық жас білім алады. Олардың тең жартысы - оқу орнының табалдырығын биыл аттаған бірінші курс студенттері. Жаңа ортаға қадам басқан жастар үшін бұл салтанатты кеш — студенттік өмірдегі алғашқы маңызды белес.

СНХР: МИХАИЛ КАЛАШНИКОВ, Е. ДӘУІТОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мерекелік кеш жастардың өзара жақынырақ танысып, қабілеттерін шыңдауына таптырмас алаң болды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай басқосулар жаңа ортаға тез бейімделуге септігін тигізіп, студенттік шақтың ең жарқын сәттерін сыйлайды.

СНХР: АНЖЕЛИКА КАСИМОВА, АЛЕКСАНДРА СУЩУК, Е. ДӘУІТОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ

Кеш соңында ұйымдастырушылар байқау қорытындысын шығарып, үздік өнер көрсеткен топтарды марапаттады. Бұл іс-шара жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың үлкен студенттік өмірге нық қадам басуына жол ашты.




Бөлісу