Абыроймен өтелген міндет: Әскерден оралған жастарға құрмет
Отан алдындағы борышын өтеп, туған үйіне оралу – әрбір сарбаз үшін де, оның туған-туыстары үшін де ерекше қуанышты сәт. Теміржол вокзалында Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдерде мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Әсіресе, сарбаздардың туған-туыстарымен қауышқан сәті ерекше әсерлі болды. Қолдарына түрлі түсті шар ұстаған жақындары ұлдарын ерекше ықыласпен қарсы алып, сағынышпен құшақтарына басты. Әскери борышын абыроймен өтеп, туған жерге оралған жастардың қуанышында шек жоқ. Отан алдындағы міндетін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімде атқарған сарбаздардың бірі – Глеб Чумаченко.
ГЛЕБ ЧУМАЧЕНКО – ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІН АЯҚТАҒАН САРБАЗ
Сарбаздарды қарсы алушылардың қатарында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болды. Олар жастарды әскери қызметті абыроймен аяқтауымен құттықтап, Отан алдындағы борышын адал өтегені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ болашақта еңбек жолын азаматтық қорғау органдарында жалғастыруға шақырды.
ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ – СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Жастар үшін бұл күн өмірлеріндегі маңызды белестің аяқталуы. Ал Төтенше жағдайлар департаменті үшін бұл-әскери тәртіпке шыңдалған, тәжірибелі әрі білікті жастарды өз қатарына тартудың таптырмас мүмкіндігі.