Білім мен шығармашылық ордасы
Мәдениет үйі – шығармашылық пен қарым-қатынастың, мазмұнды демалыс пен талантты шыңдаудың ордасы. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылында тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған ерекше орталық жұмыс істейді. Мұнда ауыл халқы қандай үйірмелерге қатысып, немен айналысады? Сюжеттен көрейік.
Ауыл кітапханасы – елді мекеннің мәдени өміріндегі маңызды орындардың бірі. Мұнда тұрғындар кітап оқып, білімін толықтырып қана қоймай, рухани дамуға да мүмкіндік алады. Әсіресе, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуде кітапхананың рөлі зор. Сондай-ақ балалар бос уақытын тиімді өткізіп, рухани азық алады.
СНХР: ГҮЛНАР БИҚАДАМОВА – КІТАПХАНАШЫ
Музыка мектебіндегі сабақтардың да маңызы ерекше. Өнер арқылы балалардың шығармашылығы шыңдалып, музыканы есту және ырғақты сезіну қабілеті дамиды. Сонымен қатар музыка тәртіпке, табандылыққа баулиды. Өнерді түсініп, сезімін әуен арқылы жеткізуге үйретеді.
СНХР: НАТАЛЬЯ ГРОСУ – ФОРТЕПИАНО ЖӘНЕ СОЛЬФЕДЖИО ПӘНДЕРІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Мұндай мәдени-танымдық орталықтар ауыл тұрғындарының жан-жақты дамуына жол ашады. Балалардың бойындағы қабілетті шыңдап, жаңа қырынан танылуына мүмкіндік береді. Ал ортақ қызығушылық адамдарды жақындастырып, ауылдың мәдени өмірін жандандыра түседі.