Негізгі Жаңалықтар СҚО-да Орталық Азиядағы алғашқы қазақ-қытай аграрлық ғылыми кешені құрылады

СҚО-да Орталық Азиядағы алғашқы қазақ-қытай аграрлық ғылыми кешені құрылады

СҚО-да Орталық Азиядағы алғашқы қазақ-қытай аграрлық ғылыми кешені құрылады

Солтүстік Қазақстан облысында Қытай Халық Республикасының Хэнань провинциясымен ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық бизнес-форум өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хэнань провинциясының 20-дан астам ірі аграрлық кәсіпорнының өкілдері және жергілікті бизнес-қоғамдастық басшылары қатысты. Форумның негізгі жобасы Kozybayev University базасында қазақ-қытай аграрлық ғылыми орталығын құру болды. Жобаның бірінші кезеңінде шамамен 9 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, шетелдік білікті ғалымдармен тәжірибе алмасу және өңірге инвестиция тарту. Қозыбаев университетінде "Солтүстік Қазақстан облысы - Хэнань провинциясы" бизнес-форумы өтті. Шараға Аспанасты елінен 20-дан астам ірі компанияның басшылары арнайы келді. Алдағы уақытта қытайлық іскер жандар облыста қазақ-қытай аграрлық ғылыми кешенін тұрғызады. Агроөңдеу индустриялық паркін құрады. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, игі бастамаларға сәттілік тіледі.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Ғылыми кешен Қызылжар ауданындағы Михайловка ауылында салынады. Аумағы 71 гектардан асады. Бірнеше зертхана, жылыжайлар мен логистикалық орталықтар тұрғызу жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін қытайлық компания 9 млрд теңге инвестиция құяды. Нысандардың құрылысы 2027 жылдың көктемінде басталады. Маңызды іс 1 жарым жылдың ішінде жүзеге асырылады деп күтілуде.

ЧЭНЬ ХУАЙАНЬ, "Henan Agricultural Investment Capital Co., Ltd" компаниясының бас директоры, ҚХР:

Қазақ-қытай аграрлық технологиялар ғылыми кешені Орталық Азияда алғаш рет тұрғызылады. Шетелдіктер теріскейді тегіннен-тегін таңдаған жоқ. Облыстың аграрлық әлеуетіне ерекше назар аударыпты. Алдағы уақытта орталықтарда қытайлық ғалымдар мен теріскейлік оқытушылар бірлесе жұмыс істейді. Сондай-ақ, жүздеген жұмыс орны ашылады. Қозыбаев университетінің студенттері кешенге келіп, өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл аймақта білікті кадр дайындауға мүмкіндік береді. 

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма төрағасы-ректоры:

Айта кету керек, шара соңында қос тарап арасында ынтымақтасты одан әрі дамыту бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Бөлісу