Жолдау-2026: жасанды интеллект – білім берудің жаңа бағыты
Мемлекет дамуының басты бағыттарының бірі – білім мен ғылымды жетілдіру, жас ұрпақтың заманауи білім алуына жағдай жасау. Бұл ретте жасанды интеллект пен жаңа технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің маңызы зор. Қазақстан халқына арнаған Жолдауда да осы мәселелерге айрықша назар аударылды.
Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Ибадулла Арайлым Жолдауда көтерілген бастамаларға тоқталды. Оның айтуынша, жасанды интеллектіні сабақ барысында тиімді пайдалану оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, жаңа технологияларды меңгеруіне жол ашады. Бұл – білім беру жүйесін заман талабына сай жетілдірудің маңызды тетіктерінің бірі.
СНХР: АРАЙЛЫМ ИБАДУЛЛА, ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ – ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ