Негізгі Жаңалықтар Есірткі қылмысының алдын алу – ортақ міндет

Есірткі қылмысының алдын алу – ортақ міндет

Бүгін нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Басқосу барысында өңірдегі қауіпсіздікті күшейту және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Сонымен қатар, Петропавлда есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі облыстық кеңес мүшелерінің ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті екінші басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановпен кездесуі өтті.

Жыл басынан бері облыста 228 есірткі құқық бұзушылығы тіркеліп, заңсыз айналымнан 513 келіге жуық қауіпті зат тәркіленген, оның ішінде 9 келіге жуығы «синтетикалық» есірткі. Сонымен қатар өзге өңірлердегі екі жасырын есірткі зертханасы және өңірімізге есірткі тасымалдайтын 33 арнаның жолы кесілді. Жиында жастар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу шараларына баса мән беріліп, бұл бағыттағы жұмыстарға танымал әрі беделді тұлғаларды белсенді түрде қатыстыру қажеттігі айтылды. 

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ ЕКІНШІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Комитет өкілі Бақытжан Әмірханов жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Жиынға қатысушылар есірткі қаупіне қарсы күрес тек құқық қорғау саласының ғана емес, барша қоғамның ортақ ісі екенін атап өтті. Басты мақсат - өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғап, жастарды есірткі бизнесінен қорғау.  

Бөлісу