Өндірістік жарақаттанудың алдын алу
2026 жылдың он айында Солтүстік Қазақстан облысында өндірісте 26 жазатайым оқиға тіркелген. Салдарынан 30 адам зардап шекті. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысында талқыланды. Жиын Кәсіподақтар орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері мен олардың алдын алу жолдары қаралды. Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, кәсіпорындардағы бақылауды күшейту және өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жауапкершілігі сөз болды.
СНХР: МИРАС САБАҒАНОВ – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы:
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қорғалуын нығайту және лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыру міндеттері атап өтілген. Бұл ретте кәсіподақтардың да атқаратын рөлі зор. Олар еңбек құқықтарының сақталуын қадағалап, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
СНХР: ЛЮДМИЛА ГОЛЕНКОВА – СҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЗАҢ КЛИНИКАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау әрбір жұмыс берушінің басты міндеті екенін атап өтті. Ол кәсіпорындарда жарақаттанудың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрап, өндіріс орындарында адам өмірі мен денсаулығы бәрінен жоғары тұруы керектігін еске салды.