Негізгі Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Есіл ауданына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Есіл ауданына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Қайрат Айтуғанов Есіл ауданына жұмыс сапарымен барды. Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде оқу орнының ұжымымен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндірді. Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, білікті маман даярлау және жас кадрларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. 

Жұмыс сапары колледждің оқу-өндірістік базасын аралаудан басталды. Қайрат Айтуғановқа мал союға арналған арнайы орындар мен мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуы таныстырылды. Сондай-ақ оқу корпусындағы зертханалар мен аудиторияларды аралап, агроөнеркәсіп кешеніне қажетті мамандарды даярлау барысымен танысты.

Сапар аясындағы негізгі кездесудің бірі колледж ұжымымен өтті. Қайрат Айтуғанов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі міндеттерге тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндірді. Кездесу соңында педагогтер депутатқа Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша сауалдарын қойды.

СНХР: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жиында жас мамандарды даярлау және жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Колледж оқытушылары студенттер қатарының азайып, оқуын аяқтаған жастардың қалаға қоныс аударып жатқанын жеткізді. Бұл ауылдық жерлерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отыр.

Кездесу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау және мемлекеттік міндеттерді жергілікті жерде жүзеге асыру мәселелері де сөз болды. Басқосу қорытындысында қатысушылар қосымша зерделеуді қажет ететін бірқатар түйткілді мәселені атап өтті.

Бөлісу