Негізгі Жаңалықтар «Аңсаған сәби» бағдарламасының нәтижесі

«Аңсаған сәби» бағдарламасының нәтижесі

«Аңсаған сәби» бағдарламасы Қазақстанда сәтті жалғасып, мыңдаған отбасына ата-ана бақытын сыйлауда. Қазақстанда бедеулік диагнозы қойылған отбасылар мен азаматтарға мемлекет есебінен тегін экстракорпоралдық ұрықтандыру жасатуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба. Бағдарлама 2021 жылы Президент тапсырмасымен іске қосылып, жыл сайын 7 000 квота бөлінеді.

 Ата-ана атану мүмкіндігі енді қолжетімді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасына квота алу – тегін. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған алты жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам әйел осы мүмкіндікті пайдаланған. Нәтижесінде 400-ден астам сәби дүниеге келді. Бағдарламаның тиімділігі 40 пайызды құрайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жоғары технологиялы медициналық көмектің маңызын атап өтті. «Аңсаған сәби» – соның нақты көріністерінің бірі.

СНХР:ВИКТОР ПРОЦЕНКО – СҚО ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-РЕПРОДУКТОЛОГЫ

Бөлісу