Негізгі Жаңалықтар Жол-көлік оқиғаларын азайтудың жаңа тәсілі енгізілуде

Жол-көлік оқиғаларын азайтудың жаңа тәсілі енгізілуде

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында жол-көлік оқиғаларын азайтудың жаңа тәсілі енгізілуде. 2 қарашадан бастап Петропавл қаласындағы ең ұзын автобус бағыттарының бірінде жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін мобильді кешен жұмыс істейді.

Жүргізушілер арасында кешеннің іске қосылғаны туралы таралған ақпараттың өзі тәртіпті сақтауға айтарлықтай ықпал еткен. Кешен 29 қазаннан бастап сынақ режимінде жұмыс істеді. Алғашқы кезде ол күн сайын жылдамдықты асырудың 15–18 дерегін тіркеген. Жұмыс режиміндегі алғашқы күні бұл көрсеткіш небәрі 1 деректі анықтады.

Жыл басынан бері Петропавл қаласында 302 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 124-і жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 130 адам жарақат алған. 4А автобус бағыты қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін қатынайды. Бұл бағыт бойында мектептер, Оқушылар сарайы, Александр Винокуров атындағы спорт сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар орналасқан.

СНХР: Алтынбек Жамалиев — СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тасымалдаушылардың көлік құралдарына да құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдарды орнатуға мүмкіндік береді. Кешен тек жылдамдықты асыру деректерін тіркейді. Құқық бұзушылық туралы мәліметтер автоматты түрде өңделіп, кейін жүргізушіге хабарлама жіберіледі.

СНХР: Алтынбек Жамалиев — СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы 

Жыл соңына дейін тағы екі автобусқа осындай кешен орнату жоспарланып отыр. СҚО Полиция департаментінде заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Басты мақсат — айыппұл салу емес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Бөлісу