Педагогтер оқушыларды PISA зерттеуіне психологиялық дайындау әдістерін талқылады
Петропавлда «PISA халықаралық зерттеуінде білім алушыларды сүйемелдеудің психологиялық тәжірибесі» атты облыстық семинар өтті. Басқосуды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Жиынға өңірлік білім беру ұйымдарынан 60-қа жуық сынып жетекшісі мен педагог-психолог жиналды. Семинар барысында мамандар оқушыларды маңызды халықаралық сынаққа психологиялық тұрғыдан сақадай етіп дайындау әдістерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинардың түпкі мақсаты — педагогтердің оқушыларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету машығын шыңдау. Басқосуда баланың сабаққа деген ынтасын арттыру, мазасыздықты жою және әртүрлі тестілеу шараларына дұрыс көзқарас қалыптастыру ісі басты назарға алынды. Өйткені сынақ кезінде оқушының тек білімін көрсетіп қана қоймай, толқуды жеңіп, қателік жасаудан тартынбай, еркін отыруы аса маңызды.
ГҮЛМАЙДА МҮСЕТАЕВА, «ӨРЛЕУ» БАҰО СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
Семинардың тәжірибелік бөлігі тақырыптық шеберханалар форматында өтті. Педагог-психологтар мен Психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысушыларға үш бағыт бойынша жұмыс істеу әдістерін көрсетті: эмоционалдық тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу, өзіне деген сенімділік және қателік жіберуден қорықпау.Жиынға қатысушылар бұл әдістемелермен танысып қана қоймай, оларды өз кәсіби жұмысында тәжірибе жүзінде қолданып көрді.
ОКСАНА МУСТАФИНА, Е. СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГІ:
Жиын қорытындысы бойынша ұстаздар алған білімдерін оқушылармен жұмыста қолданып, оларды халықаралық зерттеуге психологиялық тұрғыдан дайындау бойынша өз ұсыныстарын әзірлей алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұстаздар мен психологтардың бұл қолдауы балалардың өзіне сенімді болуына, әлеуетін ашуға және сынақты қорқыныш ретінде емес, өз білімін көрсету мүмкіндігі ретінде қабылдауына көмектеседі.