Негізгі Жаңалықтар Петропавлда есірткі қылмысының алдын алуға арналған облыстық форум өтті

Петропавлда есірткі қылмысының алдын алуға арналған облыстық форум өтті

Петропавлда «Есірткі және болашақ: жоғалған мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық форум өтті. Жиынға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, полиция қызметкерлері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Деректерге сүйенсек, елімізде сотталғандардың 12 пайызы есірткі қылмыстарына қатысы бар. Ал ұсталғандардың 70 пайызы – жастар. Биыл 29 есірткі зертханасы жойылып, 8 қылмыстық топтың жолы кесілді. Сондай-ақ 11 мыңнан астам қауіпті сайт бұғатталды.  

Есірткі қылмысы – ұлт болашағына қауіп төндіретін мәселе. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әсіресе, 15 пен 30 жас аралығындағы жастар тәуекел тобына жатады. Биылғы 9 айда елімізде 73 кәмелетке толмаған жас қылмыстық әрекеттерге тартылған.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ЕКІНШІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің бастамасымен еліміздің барлық өңірінде осындай кеңестер құрылған. Есірткі қылмыстарымен күресте қоғамның да үлесі зор. Бұл – әлем елдерінде қолданылатын тәжірибе.

ЖАНДОС АҚТАЕВ, ҚР ІІМ ЖАНЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жас ұрпақты тәрбиелеуге, салауатты қоғам қалыптастыруға және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосқан бірқатар солтүстікқазақстандықтар марапатталды. Сондай-ақ форумда есірткіге қарсы күресте спорттың маңызы ерекше екені атап өтілді. Спорт – зиянды әдеттерге ең жақсы балама.

Бөлісу