М.Жұмабаев ауданында тілдерді оқыту орталығы ашылды
Мағжан Жұмабаев ауданында үлкен қуаныш. Бүгін аудан көлемінде алғаш рет тілдерді оқыту орталығы салтанатты түрде өз есігін ашты. Айта кетейік, бұл - облыс аудандарының арасында тұңғыш рет жүзеге асырылып отырған бірегей жоба. Орталық мемлекеттік тілді үйренгісі келетін барлық тұрғындарға арналған.
Қызыл таспа қиылып, ақ жаулықты әжелер ақ тілектерін арнап, шашу шашты. Осылайша, мемлекеттік тілді үйренуге арналған жаңа кабинет салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Кабинет оқу үдерісіне қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда тіл үйренушілерге қазақ тілін еркін меңгеріп, білімдерін жетілдіруге қолайлы жағдай жасалған.
ДИНАРА СҰРАҒАНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жаңа кабинетте мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары мемлекеттік тілді тегін үйрене алады. Оларға тілді бастапқы деңгейден меңгеріп, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға және білімдерін жетілдіруге мүмкіндік бар.
МАРИЯ ГАЛАЙДИНА, ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУШІ:
Сабақтар дүйсенбі мен жұма аралығында, қатысушылардың білім деңгейіне қарай төрт бағыт бойынша ұйымдастырылады. Оқу барысында тұрғындар қазақ тілінде сөйлеу, жазу және қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіреді.
ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, СҚО ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қоса кетейік, алдағы уақытта осындай тіл үйрету орталықтарын облыстың басқа аудандарында да ашу жоспарланып отыр.