Негізгі Жаңалықтар Ауылды өркендеткен аталы кәсіп

Ауылды өркендеткен аталы кәсіп

Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, аграрлық сектордағы өнімділікті арттыру және ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жақсарту – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өткен болатын. Өңірде бұл тапсырмалар іс жүзінде қалай орындалып жатыр. Әріптесім Дастан Әбілмәжінов Ақжар ауданы Қулыкөл аулындағы серіктестіктердің бірінде болып, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен және ауылды көркейтуге бағытталған игі істерімен танысып қайтқан болатын бейнематериалынан көрейік. 

Ақжар ауданындағы «ДАМИР АГРО» ЖШС ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда серіктестіктің жалпы жер көлемі 5,5 мың гектардан асады. Шаруашылық дәнді дақылдар егумен айналысады. «Хайпро» бидайын егуге жыл сайын 4 мың гектардан астам жер бөлінеді. Биылғы орташа көрсеткіш гектарына шаққанда шамамен 16 центнерді құрады. 

СНХ: РҮСТЕМ МҰХАМЕДИЕВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Қазір мұнда жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам еңбек етеді. Мемлекет басшысы Жолдауында сондай-ақ отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажеттігін мәлімдеген еді. Техниканы жаңарту ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Заманауи машина-трактор паркі шаруашылықтарға егіс және жиын-терім жұмыстарын уақытылы жүргізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

СНХ: ШАҒБАН МАҒАУОВ, БРИГАДИР – РЕТТЕУШІ

 Алайда, серіктестік тек өз кәсібін дамытуды басты міндет санамай ауылдың әлеуметтік өміріне де белсене қатысады. Заманауи демалыс орталығының құрылысына 200 миллион теңгеге жуық инвестиция құйды. Енді ауылда өзінің спорт және тренажер залдары, күрес клубы, жеке кітапхана, сондай-ақ мәдени іс-шараларды өткізуге арналған сахнасы да бар. Осылайша, өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, туған жердің әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып отырған шаруашылық ауылды өркендетудің нақты үлгісін көрсетіп отыр. 

Бөлісу