Негізгі Жаңалықтар «Ядролық қасірет пен азаматтық аманат»

«Ядролық қасірет пен азаматтық аманат»

Бүгін Петропавлда «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы әрі біраз жылдар бойы төрағасы қызметін атқарған Асқат Ақжанұлы Төлепбергеновты еске алуға арналған кеш өтті. Көзі тірі болса нар тұлға биыл 75 жасқа толар еді. Ол кісі өмірінің соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысынан аттанған полигон ардагерлерінің құқықтарын қорғау, оларға әлеуметтік көмек пен арнайы мәртебе алып беру жолында аянбай еңбек етті. «Ядролық қасірет және азаматтық аманат» тақырыбында өткен тағылымды басқосуда абзал азаматтың өнегелі істері тереңнен толғанып, кеңінен насихатталды.

1949–1989 жылдар аралығында Семей ядролық сынақ полигонында 456 сынақ өткізіліп, тұтас бір өңірдің шырқы бұзылды. Осы қасіреттің жүгін арқалап, зардап шеккендердің құқығын қорғаған қайраткерлердің бірі – «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Асқат Ақжанұлы Төлепбергенов еді. Атап айтқанда, 2016 жылы оның бастамасымен құрылған Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі небәрі 10 адамнан тұратын бастамашыл топтан бастау алды. Мазмұнды басқосуда оның әріптестері мен замандастары өткен күндерді еске алып, естеліктермен бөлісті. 

СНХ: АСҚАР МУСИН – «СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: 

1970–1972 жылдары Семей ядролық сынақ полигонында міндетті әскери борышын өтеген Асхат Ағжанұлы қауіпті жағдайда қызмет атқарды. Бұл сынақтардың зардабы кейін оның денсаулығына да кері әсерін тигізбей қоймады. Әділдік пен адамгершілікті ту еткен тұлғаның қызы оның өте ақжарқын, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көресететін бауырмал жан екендігін тебірене еске алады.

СНХ: СВЕТЛАНА АБЖАНОВА – АСҚАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВТІҢ ҚЫЗЫ:

Асхат Ағжанұлы 2018 жылы Петропавл қаласындағы Чернобыль апаты құрбандарына арналған ескерткіштің қасына Семей полигоны құрбандарына арналған тақта орнатуға атсалысып,. 2023 жылы Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкада Ауған соғысына қатысушыларға, Чернобыль апатын жоюшыларға және Семей полигоны ардагерлеріне арналған мемориалдық кешен ашылуына мұрындық болған.

Бөлісу