Петропавлда полицейлер бірнеше ұрлық жасаған ер адамды ұстады
Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері облыстық криминалдық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, Петропавлда болған бірнеше ұрлықты ашты. Толығырақ облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалында.
Қала тұрғыны Виктор Никулин демалыс күндері Алматинская көшесіндегі аулаға автокран-манипуляторын қалдырып кеткен. Көлікке қайта оралғанда, оның терезесі сынып, кабинадағы бағалы заттардың қолды болғанын көреді.
ВИКТОР НИКУЛИНПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қаскөй кабинадан құрал-саймандар жиынтығын, бұрауыш, монитор мен салқындату жүйесінің реттегішін жымқырған. Мұнымен тоқтамай, ол дәл осы әдіспен тағы екі гараж бен бір жертөлені тонап үлгерген.
БАТЫРБЕК БУКАН ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ № 2 ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бейнебақылау камераларының жазбалары мен есепте тұрған адамдарды тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Қазір ол қамауда. Төрт ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
БАТЫРБЕК БУКАН ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ № 2 ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Күдікті бұған дейін мүліктік қылмыстар үшін сотталған. Ол түзеу мекемесінен биыл шілде айында ғана босап шыққан. Манипулятордан ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін ол иесіне қайтарылады.
ВИКТОР НИКУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Полицейлер ұрлыққа қарсы ведомстволық бағдарлама мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 10 айдың қорытындысы бойынша ұрлық саны 14,7%-ға төмендеген.