Негізгі Жаңалықтар Кітап оқитын ұлт: кітап оқу мәдениетінен білім мәдениетіне

Кітап оқитын ұлт: кітап оқу мәдениетінен білім мәдениетіне

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Кітап оқитын ұлт: кітап оқу мәдениетінен білім мәдениетіне» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басқосуға кітапхана саласының өкілдері, жазушылар, ғалымдар, педагогтер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиында оқудың білімді қоғам қалыптастырудағы рөлі, әдебиетті насихаттаудың заманауи тәсілдері және кітапханаларды білім мен ағартушылық орталығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды.

Екі күнге жоспарланған конференция барысында кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапханалардың білім беру ұйымдарымен және қоғаммен байланысын нығайту, сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» бастамасын жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Әсіресе жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру, оқырман клубтарын құру және цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне басымдық берілген. Әртүрлі сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби пікірлерін ортаға салуда.

СНХР: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ – ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: 

Жиында елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы кітапханалардың орнына да ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, қазіргі кітапхана тек кітап сақтап, оқырманға ұсынатын мекеме ғана емес, адамдар бас қосып, білім алып, тәжірибе алмасатын ортаға айналуы керек. Сонымен қатар конференция аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының аудандық және ауылдық кітапханалармен ынтымақтастығын нығайту, оқуды насихаттаудың жаңа тетіктерін енгізу мәселелері де сөз болды.

СНХР: КҮМІС СЕЙІТОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар кітапхана жүйесін дамыту және тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстың алдағы міндеттерін айқындамақ. Басты мақсат – кітап оқу күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған тұрақты оқырмандық орта қалыптастыру. Өйткені кітап – білімнің ғана емес, тұлғалық дамудың және қоғам өркендеуінің де негізі.

Бөлісу