Тері дерматофитиясының 14 жағдайы тіркелді
Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінде жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі бойынша тері дерматофитиясының зертханалық тұрғыдан расталған 14 жағдайы тіркелді.
Белгілі болғандай, бұл инфекция дертке шалдыққан адаммен немесе жануармен тікелей жанасу арқылы жұғады. Аурудың әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында тиісті эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешені жүргізілді. Оның ішінде науқастардың тұратын және оқитын жерлерінде қорытынды дезинфекциялау жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта студенттер медициналық бақылауға алынған. Тексеріс қорытындысы бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Санитариялық дәрігерлердің мәліметінше қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда.
СНХР: АНАР ҚОРҒАНБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: