Негізгі Жаңалықтар «Ішкі және цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында іс-шара өтті

«Ішкі және цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында іс-шара өтті

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ішкі және цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында психологиялық практикум өтті. Іс-шара барысында жастардың қауіпсіздік мәселелері, интернеттегі қатерлерден сақтану, сондай-ақ есірткі қылмысының алдын алу мәселелері талқыланды. 

Іс-шара «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, есірткі қылмысы мен киберқұқық бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ қатысушыларға цифрлық кеңістікте қауіпсіздік ережелерін сақтау және күмәнді жағдайларға жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

СНХР: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Практикумға психологиялық қолдау және психологиялық денсаулық орталығының мамандары, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қатысты. Мамандар өз бағыттары бойынша ақпарат беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

СНХР: НҰРИСЛАМ ІЛЕСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Практикумға 70-ке жуық оқушы мен студент қатысты. Кездесу барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты.

СНХР: ДИЛЬНАЗ АСҚАРҚЫЗЫ, ОҚУШЫ

Мұндай түсіндіру жұмыстары жастардың қауіп-қатердің алдын алып, құқық бұзушылықтан сақтануына және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар