Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
Шешуші кезең жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмысы қыза түсті. Құрылтай депутаттығына үміткерлер санаулы күннің ішінде барлық сала өкілдерін қамтып, сайлаушылармен тілдесіп үлгеруге тырысып жатыр. Мақсат: саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстыру ғана емес көпшілікті толғандырған мәселесіне құлақ түріп, шешу жолын қарастыру.
«Әділет» партиясының кандидаттары Қостанай облысының тұрғындармен кездесті. Мыңға жуық адам жиналған басқосуда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдарды таза сумен қамтамасыз ету, жаңа тұрғын аудандарда әлеуметтік нысандар салу жайы талқыланды. Ал, еңбек ұжымдарымен болған жиында өндірісті дамыту, кадр даярлау, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктері сөз болды.
СНХ: ҚАНЫШ ТӨЛЕУШИН – «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Таразда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері жастармен және түрлі сала ардагерлерімен кездесті. Жиында тұрғын үй кезегін жылжыту, жер телімдерін алу секілді мәселелер талқыланды. Ал Атырауда «Жайлы аула – қауіпсіз қала» тақырыбында өткен жиында қаланы абаттандыру, аулалардың жағдайын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелері қозғалды.
СНХ: НҰРАЙНАШ КАМАЛОВА, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Алматыдағы индустриялық аймақтың біріне барып, 15-ке жуық кәсіпорын басшыларымен және бас инженерлерімен кездесті. Жиында өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және жасыл экономикаға көшу мәселелері талқыланды.
СНХ: АЛМА ҚАРАШ – «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алматы облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қарапайым жұмысшылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Еңбеккерлер өздерін толғандыратын мәселелерге байланысты ұсыныстарын айтты. Жиынға ерекше балалардың ата-аналары республикалық одағы мен Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдері де қатысты. Олар да өздерінің толғандыратын мәселелерін ортаға салды. Форум флешмобпен аяқталды. Оған кәсіпорынның төрт мыңдай қызметкері қатысты.
СНХ: ДАМИР ДИГАЙ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Ақмола облысының Сандықтау ауданында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар Приозерное ауылындағы жылқы және қара мал өсіріп, егін егумен айналысатын ірі шаруашылық ұжымымен жүздесті. Кездесуде ауыл тұрмысының сапасын арттыру, мал шаруашылығын дамыту, мемлекеттік қолдау сияқты өзекті мәселелер қозғалды.
СНХ: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ - «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер Астанадағы №3 автобус паркінің ұжымымен кездесті. Жиында кандидаттар саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қатысушылармен тұрғын үй саясаты мен жас отбасыларды қолдау, шағын және орта бизнеске жағдай жасау мәселесін талқылады. Автопрак қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамдық көлікті дамыту, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қатысты сұрақтарын қойды.
СНХ: БЕРІК ДҮЙСЕНБИНОВ – «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Петропавлда «Respublica» партиясының мүшелері өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Жиында Құрылтай депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жиналғандардың сұрағына жауап берді. Оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту, тың бизнес идеяларды жүзеге асыру, жұмыспен қамту мәселелері кеңінен талқыланды. Мұндай шара қаладағы ірі кәсіпорындарды да өтті.
СНХ: НҰРГҮЛ ТАУ – «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАҒЫНА КАНДИДАТ