Негізгі Жаңалықтар СҚО-да спорт саласының үздіктері марапатталды

СҚО-да спорт саласының үздіктері марапатталды

Облыс орталығында Спорт күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға спорт ұйымдарының басшылары, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, спорт қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ өңірде дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар қатысты. Салтанатты жиында салаға еңбегі сіңген бірқатар маман марапатталды. 

Өңірімізде спорт саласы қарқынды дамып келеді. Қазір облыс тұрғындарының 44 пайыздан астамы дене шынықтыру және спортпен айналысады. Ал, еліміздің мақтанышына айналған спортшыларымыз түрлі бағыттар бойынша республикалық, халықаралық, тіпті әлемдік деңгейдегі додаларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

СНХР: ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  

Салтанатты жиында көп жылғы еңбегі, жоғары кәсібилігі және салаға қосқан үлесі үшін бірқатар спорт саласының өкілі ведомстволық марапаттарға ие болды. Олардың қатарында осы салада 30 жылға жуық еңбек етіп, ел намысын халықаралық додаларда қорғаған паралимпиадашы Евгений Тетюхин де бар.

СНХР: ЕВГЕНИЙ ТЕТЮХИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ

Айта кеткен жөн, қазір облыста 2 мыңнан астам спорттық нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында стадиондар, бассейндер, футбол алаңдары бар. Сонымен қоса, 2026-2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, көпбейінді мұз айдыны мен әмбебап спорт кешенін салу көзделіп отыр. Оған қоса, сыйымдылығы 5 мың адамға шақталған жабық стадионның құрылысы жоспарланған. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар