«Қауіпсіздік командасы» атты спорттық-профилактикалық іс-шарасы өтті
«Балаларға назар аударыңыз» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Петропавлда «Қауіпсіздік командасы» атты спорттық-профилактикалық жиын өтті. Балалар күшін, ептілігі мен мергендігін сынап, түрлі жарыстарға қатысты. Ал арнайы жасақ қызметкерлері жасөспірімдерге көрсетілім ұйымдастырды.
Алдымен балалар бой жазып, кейін жарысқа кірісті. Шамамен қырық бала командаларға бөлініп, бірнеше спорттық сынақтан өтті. Эстафета, доппен жаттығу, жылдамдық, мергендік пен ептілікке арналған тапсырмалар болды.
СНХР: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Ал іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі — арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерімен кездесу болды. Жауынгерлер дене және тактикалық дайындық элементтерін және қауіпсіз көрсетілім тәсілдерін паш етті.
СНХР: АРУЖАН ТАМАШОВА, ВОЛОНТЕР
Балалардың қауіпсіздігін түсіндіру — маңызды міндет. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар 26 қылмыс жасаған. Ал балаларға қатысты 48 қылмыс тіркелген.