Жалған қоңырау – алаяқтықтың кең таралған әдісі
Өңірде жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркелген.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары халық арасында түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Осы орайда әр айдың 15-і бірыңғай профилактика күні болып белгіленген. Әсіресе оқу орындары мен халық көп шоғырланатын орындарда мамандар киберқылмыстан сақтанудың жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіруде.
СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ