Негізгі Жаңалықтар Алаяқтарға алданбаудың жаңа тәсілі

Алаяқтарға алданбаудың жаңа тәсілі

Петропавлдағы тұтас бір көшенің зейнеткерлері алаяқтыққа қарсы чатқа қосылды. Полиция қызметкерлері бұл жаңа тәсіл солтүстікқазақстандық қарттардың алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттырып, алаяқтардың арбауына түспеуге көмектеседі деп есептейді.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері WhatsApp-та зейнеткерлерге, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған үш топ құрды. Қатысушылар күн сайын интернет-алаяқтыққа қатысты ақпарат пен кибералаяқтардың арбауына түспеуге көмектесетін пайдалы кеңестер алады.

Әлнұр Ахмедьяров — СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы 

Қатысушылар кез келген уақытта чатқа жазып, сұрақ қоя алады. Топтарда полиция, прокуратура және мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Олар тұрғындарға кеңес беріп, күмәнді жағдайларды анықтауға көмектеседі.

Әлнұр Ахмедьяров — СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы 

QR-кодтар арқылы топтарға қосылуға арналған сілтемелерді полицейлер профилактикалық кездесулер барысында таратады. Осындай жұмыс Петропавлдағы Сәтбаев көшесінде бірыңғай профилактика күні аясында өткізілген іс-шара кезінде де жүргізілді. Оған полицияның барлық бөлімшелері жұмылдырылып, профилактикалық есепте тұрған адамдар тексерілді. Жергілікті тұрғындармен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, интернеттегі қылмыс қаупіне ерекше назар аударылды.

Әлнұр Ахмедьяров — СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы 

Тәртіп сақшылары барлық егде жастағы қала тұрғындарына зейнеткерлерге арналған топқа қосылуды ұсынды. Полицейлер профилактиканың бұл жаңа форматы солтүстікқазақстандық қарттардың алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттырып, алаяқтардың арбауына түспеуге көмектеседі деп есептейді. Бұл әсіресе өзекті, өйткені қашықтан жасалатын алаяқтықтың құрбандарының әрбір төртіншісі — зейнеткер. Жыл басынан бері зардап шеккен 363 адамның 88-і — осы санаттағы азаматтар. Қазіргі уақытта топтарға шамамен 400 зейнеткер, 500 медицина қызметкері және 300 педагог қосылған. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар